Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздағы ҚАЖ мекемелері арасында футболдан турнир өтті

Тараздағы ҚАЖ мекемелері арасында футболдан турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты түзеу мекемелері арасында Астананың 25 жылдығына орай шағын футболдан жарыс өтті. Жарысқа департамент және түзеу мекемелері, пробация қызметкерлері мен сала ардагерлері бақ сынап, өзара мықтыны анықтады.

Тартысты өткен жарыста І орынды Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесі иеленді. Іс-шараның басты мақсаты – жаппай салауатты өмір салтын ұстану.

Турнир қорытындысы бойынша үздік ойын өрнегін көрсеткен командалар мен ойыншылар арнайы дипломдар, медальдармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру