Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғыны 5 млн теңгеге қару тапсырды

Павлодар облысының тұрғыны 5 млн теңгеге қару тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шарбақты ауданының тұрғыны қаруды ерікті түрде тапсыру акциясы барысында 1400-ге жуық оқ-дәрі тапсырды. Бұл оқиға 30 маусымда болды. Патрондарды ауыл тұрғыны бірнеше жыл бұрын Шарбақты ауылында сатып алған үйдің қорасын тазалау кезінде тауып алған екен. Ер адам бұл олжаны бірден полицияға тапсырды. Дерек тіркелді, баллистикалық сараптама тағайындалды.

– Республикалық акция барысында халықтың атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өтеулі ерікті түрде тапсыруы бойынша тұрғындардан 60 өтініш келіп түсті, 63 бірлік қару қабылданды: оның ішінде 54 бірлік тегіс ұңғылы қару, 5 бірлік ұзын ұңғылы мылтық қаруы, 3 бірлік қысқа ұңғылы мылтық және мылтыққа 16370 патрон. Барлық тапсырылған қарулар криминалистикалық сараптамадан өтеді, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Борис Әлімбаев.

Комиссия 4 млн 878 мың 050 теңге сомасына 56 шешім қабылдады. Төрт өтініш бойынша ақшалай сыйақы төлеуден бас тарту туралы шешім қабылданды, өйткені бір тегіс ұңғылы қару жоғалған ретінде есепте тұр, сарапшының қорытындысына сәйкес 3 қару атыс қаруына жатпады. Қаржыландырудың жалпы сомасы 5 млн теңгені құрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру