Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматының Түрксіб ауданында есірткі жарнамалары тексерілді

Алматының Түрксіб ауданында есірткі жарнамалары тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дәстүрлі «Алматы – есірткісіз қала» науқаны аясында есірткі қылмысына қарсы күресушілер, Түрксіб ауданының полиция қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер Лигасының өкілдері есірткі туралы жарнамаларды анықтау және оларды одан әрі жою бойынша рейд өткізді.

– Есірткінің зияны туралы білуі және осы аксиоманы өз құрдастары арасында көпшілікке жеткізуі үшін осындай шараларды өткізуге барынша жастарды тартуымыз кездейсоқ емес. Жалпы, алдын-алу құрамы осындай іс-әрекеттерді жүзеге асыруда өте маңызды. Бұл жолы бізге жергілікті ПИК есірткіні насихаттайтын жазулардың суретін бояуға көмектесті: «Достық», «Энергетик», «Железнодорожник» және «ФМГ» қызметкерлері алдын-алу іс-шарасына белсене қатысты, – деп қорытындылады Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру