Қызылордалық полицейлер мұқтаж отбасыларға көмектесті
Қызылордалық полицейлер мұқтаж отбасыларға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасының аясында Қызылордалық полицейлер әр мереке қарсаңында қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырады.
Рамазан айына тұспа-тұс келген мамыр мерекелерінде полиция қызметкерлері мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетіп, азық-түлік себеттерін үлестірді.
Күнделікті күнкөріске қажетті азық-түлік көпбалалы ана Айгүлдің отбасысына табысталды. Айгүлдің кішкентай балапандары мәз-мейрам болып, полицейлер көрсеткен қайырымдылық іс-шарасына дән-риза болды. Көпбалалы ананың тұңғышы өз кезегінде келген құқық қорғау саласының қызметкерлеріне өлең жолдарын арнады.
– Мен төрт баласы бар анамын, екеуі орта оқу орнында оқыса, екеуі – бүлдіршін. Мұқтаж жандардың тағдырына бей-жай қарамайтын барша полицейлерге тағы да алғыс айтқым келеді. Сіздерге үлкен рақмет, – деді Айгүл.