Алматының жас полицейлеріне алғашқы офицер погоны табысталды
Алматының жас полицейлеріне алғашқы офицер погоны табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Бұл жолы салтанатты рәсім ПД ғимаратының алдындағы алаңда өтті. Полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаровтың қолынан 50 жас қызметкерге лейтенант погоны табысталды. Қаладағы тәртіпті қамтамасыз ететін офицерлер қатарына жас жігіттер мен қыздар қосылды.
– Бүгін сіздердің жолдарыңыз Тәуелсіз Қазақстанға, Қазақстан халқына қызмет етуден басталды. Бұған дейін біреулеріңіз курсант, енді біреулеріңіз ЖОО бітірдіңіздер. Ал бүгін сіздерге офицерлік шен тағайындалды және погондар табысталды. Сіздер, құрметті әріптестер, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және олардың конституциялық құқықтарын қорғауда өз білімдеріңіз бен дағдыларыңызды дұрыс қолдана алатындарыңызға сенімдімін, – деді Арыстанғани Заппаров.
Шенді тағайындау және погондарды табыстау – ішкі істер органдарында қызмет етуді таңдағандар үшін қызықты сәт. Бұл әрбір полиция қызметкері үшін тарихи маңызды оқиға.