Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тұрғынның атына несиеге алтын алған күдікті анықталды

Түркістан облысында тұрғынның атына несиеге алтын алған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Төлеби аудандық полициясына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оның атына танысы банк қосымшасы арқылы несиеге алтын әшекей алған. Алайда бұл туралы жәбірленуші бір ай уақыт өткен соң, яғни банк тарапынан қарызыңызды төлеңіз деген хабарлама келгенде ғана білген. Тұрғын осы мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында полицейлерден көмек сұрады.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.

Нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол бұрын жәбірленушінің үйінде құрылыс жұмыстарын жасаған ер адам болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушіге несиеге алтын әшекей шығарып беремін деп ұялы телефонын алған. Содан банктен мақұлдау алса да, жәбірленушіге атыңнан несие шықпады деп жалған ақпарат берген. Ары қарай алаяқтық жолмен тапқан алтынды ломбардка өткізіп, ақшаны бас пайдасына жұмсап жіберген. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 600 мың теңге. Қазіргі таңда іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру