Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Амангельді ауылының тұрғыны полицейлерді жолда көрсетілген көмек үшін алғысын білдірді

Амангельді ауылының тұрғыны полицейлерді жолда көрсетілген көмек үшін алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дастан Омаровтың Торғай-Арқалық бағыты тас жолында көлігінің жанармайы таусылған болатын. Не істерін білмей, жолда өткен-кеткен жолаушыларды тоқтатып біраз уақыт тұрды.

– Сөйтіп тұрғанымда Амангелді ауданының патрулдик полиция инспекторы полиция лейтенанты Ергали Жанарбаев бұзылып тұрғанымды көріп, тоқтады. Тоқтай сала өзін таныстырып, жағдай сұрасып, адамгершілік деңгейінің биіктігін көрсетіп, қолдан келер көмегін аямайтынын айтты. Айтқанындай, бар көмегін аямай тигізіп, көлігімен жанармай бекетіне дейін сүйреп әкеліп тастады. Ергали Жанарбаев қиын жағдайда жолда тастамай, көмек қолын созғаныңыз үшін сізге айтар алғысым шексіз, – дейді Д. Омаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру