Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте көлік ішінен тұрғынның құжаттарын қолды қылған ұры ұсталды

Шымкенттік полицейлер жергілікті тұрғынның құжаттарын ұрлап кеткен ұрыны үш сағат ішінде анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында көше бойында тұрған Nexia маркалы автокөлігінің ішінен жүргізуші куәлігін, автокөлікті тіркеу құжаттарын белгісіз біреу ұрлап кеткенін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында ұрлық жасаған адам анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру