Анасы жаңа туған нәрестені көшеге тастап кеткен
Түркістан облысының полиция қызметкерлері жаңа туылған нәрестенің анасын іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 маусым сағат 10:00 шамасында Сайрам АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан Ақсукент ауылының көшелерінің бірінде сүлгіге оралған күйде жылап, нәресте жатқанын жөнінде хабарлама келіп түскен.
Аталған хабарлама бойынша оқиға орнына Сайрам АПБ бастығы бастаған жедел тергеу тобы шықты. Тәртіп сақшылары көрсетілген мекен-жайға келіп, сүлгіге оралған, туылғанына 4-5 сағат болған, бойы шамамен 50 см болатын шақалақты тапқан. Тез арада нәрестені аудандық орталық ауруханаға жеткізген, қазір баланың жағдайы жақсы.
Осы дерек Сайрам АПБ-на ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабымен тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлерімен анасы іздеп, қажетті шараларды жүргізді. Қорытындысында анасы анықталды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Дәрігердің анықтамасына сәйкес жас нәресте – қыз, салмағы 2.75 кг, бойы 52см, азиат нәсілді, рия туылғанына 4-5 сағат болған.