Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол ережесін өрескел бұзған жігітке айыппұл салынды

Атырау полицейлері жүргізуші құқығы жоқ бола тұра, көлік тізгіндеген 60-қа жуық адамды жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік полицейлері 5 маусым сағат 05.30 шамасында қаладағы Махамбет көшесі бойында жол ережесін бұзып, екі үздіксіз ақ жолақты басып, жолдың қарама қарсы бағытына шыққан көлік жүргізушісін анықтады.

19 жастағы қала тұрғынына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабының 5-бөлігі (көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адам жасаған әрекет) бойынша хаттама рәсімделіп, 138 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, жүргізуші куәлігі жоқтығын біле тұра, өзінің көлігін басқаруға бергені үшін, көлік иесі 1985 жылы туған ер адамға қатысты ӘҚБтК 612- бабының 5-бөлігімен хаттама толтырылып, 138 000 теңге айыппұл салынды.

Жыл басталғалы, патрульдік полицейлер жүргізу куәліктерінсіз көлік құралын басқарған 57 жүргізуге қатысты хаттамалар толтырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру