Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда 6 шетелдікке ел аумағынан шығару туралы сот шешімдері қабылданды

Атырауда алты шетелдікке ел аумағынан шығару туралы сот шешімдері қабылданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырауда “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі анықталды. Белгісіз біреулер Өзбекстан Республикасының азаматшасына жалған құжат дайындау қызметін ұсынған. Қазіргі уақытта аталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Іс-шара барысында облыс аумағында көші-қон заңдылықтарын бұзған 130-ға жуық шетелдіктер анықталды. Барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған шетелдіктерді қабылдаған 44 адам, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан жеті адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алты шетел азаматтарына ел аумағынан шығару туралы сот шешімдері қабылданды.

Айта кетейік, “Мигрант” жедел іс-шарасы 16 маусымға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру