Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Мен мүлдем мас емеспін!”: Ақмолада жүргізуші медициналық мекеменің мүлкін сындырды

Ақмолада мас жүргізуші медициналық мекеменің мүлкін сындырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдғы жылдың 8 маусымында Аршалы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Ольгинка ауылы бағытында Ерейментау ауданы жағынан жүргізушісі мас күйінде көлік келе жатқаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Психобелсенді заттарды тұтыну фактісін және мас күйін анықтау бойынша медициналық куәландыру жүргізу үшін полиция қызметкерлері жүргізушіні тоқтатып, аудандық ауруханаға жеткізді.

“Мен мүлдем мас емеспін!”- деп наразылық білдірген 31 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны медициналық мекемеге келген бойда аурухананың компьютерін сындырып, алкотестерді, сондай-ақ аурухананың басқа да мүлкін зақымдады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі іс басталды. Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру