Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралда мас жүргізуші қамауға алынды

Түркістан облысында есірткілік масаң халде көлік басқарған жүргізушіге қатысты сот шешімі шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетсек ағымдағы жылдың мамыр айының 17 мен маусым айының 16 күндері аралығында Республика көлемінде “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Шара барысында Мақтаарал АПБ Жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторлары профилактикалық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы іс-шараларды атқаруда.

Осындай кезекті шара барысында Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінің көшелерінің бірінде келе жатқан алдыңғы айнасында жарығы бар AUDI 100 автокөлігін тоқтатады. Содан соң полиция қызметкерлері жүргізушіні тексеру барысында көзі қызарып, түрінің шаршаңқы болып тұрғанын байқайды. Өзінен себебін сұрау барысында түнгі мезгілде ұйықтамағанын айтып, жауап беруден жалтарады. Содан соң тәртіп сақшылары жүргізушінің масаң күйіне күдіктеніп, медициналық сараптама тағайындады. Қорытындысына сәйкес жүргізушінің есірткілік масаң күйі анықталды.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ӘҚБтК 608-бабына (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) сәйкес іс-құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау үшін Мақтаарал аудандық сотына жолдады. Сот жүргізушіні кінәлі деп танып, 15 тәулікке қамауға алып, жеті жылға жүргізуші құқығынан айыру әкімшілік шарасы қолданылды.

Түркістан облысының полицейлері мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік те қарастырылғанын ескертеді. Сонымен қатар тәртіп сақшылары тұрғындарға жолда абай болуға, жол ережесін сақтауға, ең бастысы алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде көлік жүргізбеуге кеңес береді.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру