Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда екі күнде Армениядан әкелінген 45 көлік тіркелді

Атырауда маусымның 1-нен бастап Армениядан әкелінген көліктер тіркеліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үкімет қаулысына сәйкес, 1 маусымнан бастап ҚР азаматтарына тіркелген Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген рулі сол жақта орналасқан көлік құралдарын тіркеу басталды.

– Мамандандырылған ХҚКО-да екі күн ішінде Армениядан әкелінген 45 көлік тіркелді.

Автокөлікті тіркеу кезінде жеке куәлік, мемлекеттік тіркеу үшін алым -695 теңге,
техникалық төлқұжат үшін баж -3473 теңге, мемлекеттік нөмір үшін – 7778 теңге төлеу қажет.

-Неліктен сары нөмір беріледі?

– Әкелінген автокөліктер Арменияның уәкілетті органдарында есепте тұратындықтан, тіркеу кезінде Қазақстанда оларға басқа Мемлекетте тұрақты тіркелген көлік құралдары үшін сары фонда нөмірлер беріледі.

– Неге оң жақ рөлді автокөліктерді және оң жақтан сол жаққа рөлі ауыстырылған көліктерді тіркеуге болмайды?

– Басқару органдары оң жақтан сол жаққа орналасқан, қайта жабдықталған автомобильдер меншік иесі көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік бергеннен кейін ғана тіркелуге жатады.
Көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті сауда және интеграция министрлігі аккредиттелген сынақ зертханалары береді, – дейді Атырау облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасының процессингтік орталық басшысы Сапиғолла Жанғазиев.

Армениядан әкелінген көлік тіркеу ережелерін түсіндіру үшін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында Call-орталығы күн сайын сағат 09:00-ден 19:00-ге жұмыс істейді.

Сондай-ақ ұнауы мүмкін

Жауап қалдыру

Электрондық почтаңыз жария етілмейді.