Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында ҚАЖД қызметкерлері ымдау тілін үйренді

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері үшін ымдау тілін оқыту курсы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде қызметкерлерге арналған "Саусақтар сөйлейді" атты ымдау тілін оқыту курсы ұйымдастырылды.

Оқу барысында қызметкерлер ымдау тілінің негізгі қағидаларымен танысып, есту қабілеті бұзылған азаматтармен қарым-қатынас жасаудың тиімді тәсілдері мен қажетті сөз тіркестерін меңгерді. Сабақты білікті мамандар жүргізді.

Іс-шараның басты мақсаты — инклюзивті мәдениетті дамыту, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар азаматтармен коммуникация жасау дағдыларын жетілдіру.

Курс соңында қатысушыларға оқуды сәтті аяқтағанын растайтын сертификаттар табысталды.

Айта кету керек, алынған білім сотталғандармен, соның ішінде есту қабілеті бұзылған азаматтармен жұмыс барысында аса маңызды.

Бұл өз кезегінде тиімді өзара іс-қимыл орнатуға, өзара түсіністікті нығайтуға және азаматтардың құқықтарының сақталуына ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру