Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жазасын өтеуші азамат отбасы құрды

Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №70 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтың некесі мемлекеттік тіркеуден өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл күн жас жұбайлар үшін ерекше мәнге ие болып, өмірлеріндегі маңызды белестердің біріне айналды. Өйткені неке қию – екі адамның бір-біріне деген сенімі мен сүйіспеншілігін заң жүзінде бекітіп қана қоймай, ортақ өмір жолына бірге қадам басуының бастауы.

Неке белгіленген тәртіппен мекеме әкімшілігі мен тіркеуші органның өзара іс-қимылы негізінде рәсімделді.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында 21 неке қиылған.

Отбасы – адам өміріндегі ең басты құндылықтардың бірі. Жақындарының қолдауы мен сенімі жазасын өтеп жатқан азаматтардың өмірге деген көзқарасын өзгертіп, қоғамға қайта бейімделуіне ықпал етеді. Ал бостандыққа шыққаннан кейін отбасының болуы олардың қалыпты өмірге нық қадам басуына, жауапкершілікті сезінуіне және оң өзгерістерге ұмтылуына серпін береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру