Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Қаратал ауданында патрульдік полиция қызметкерлері алкогольдік масаң күйде көлік басқару дерегінің жолын кесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Үштөбе қаласында полиция қызметкерлері Nissan Patrol автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында 25 жастағы жүргізушіден масаңдық белгілері байқалды. Медициналық куәландыру оның алкогольдік ішімдік қолданғанын растады.

Сонымен қатар ер адамның бұған дейін 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Сот белгілеген тыйымға қарамастан, жүргізуші алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін қайтадан көлік тізгіндеген. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және “Заң мен тәртіп” қағидатын ұстануға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру