Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола бас полицейі шалғай ауданда болып қайтты

Ақмола бас полицейі шалғай ауданда болып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінің бастығы Думан Таев жұмыс сапарымен Ерейментау ауданына барды. Қоғаммен тұрақты диалогтың маңыздылығын айта келе, бірінші кезекте Ақмола бас полицейі аудан тұрғындарымен жеке қабылдау барысында кездесті. Азаматтар полиция департаментінің басшысына жүгінетін мәселелердің ауқымы әртүрлі салаларға қатысты болды. Қабылдауға аудандық бөлімнің бастығы мен оның орынбасарлары қатысты.

Новомарковка ауылының тұрғыны Зайтимхан Силам өткен жылдың соңында Моңғолиядан Ерейментау ауданына келіп, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құжаттар тапсырғанын айтты. Ауыл тұрғыны жұмысқа орналасу кезінде қиындыққа тап болды, сондықтан азаматтықты алу туралы материалдарды қарау процесін жеделдетуді сұрады. Думан Әшкенұлы көші-қон қызметі басқармасының бастығына мәселені қарауды және ер адамға көмек көрсетуді тапсырды.

Ерейментау қаласының тағы бір тұрғыны Медеу Шамшатдинов ІІО-ға жұмысқа орналасу мәселесі бойынша Ақмола полициясының бастығына жүгінді. Жас жігіт ЖОО-ны бітірген, білімі бойынша педагог, бірақ оқуын жалғастыруға және Ақмола полицейлерінің қатарын толықтыруға дайын. Ерейментау аудандық полиция бөлімінде қолайлы бос лауазымдар болмағандықтан, жас жігітке департаменттің басқа аумақтық бөлімшелерінде жұмыс ұсынылды.

Өздеріңіз білетіндей, ағымдағы жылдың 23 қаңтарынан бастап бүкіл республика бойынша шетелдік автомобильдерді заңдастыру бойынша акция басталды. Ерейментау қаласының тұрғыны Виктория Яворская көлікті заңдастыруға тырысқан, алайда қиындықтарға тап болған. Көмек алу үшін ол Ақмоланың бас полицейіне жүгінді. Ақмолалықтың айтуынша, ол автокөлікті 2020 жылы Ресей Федерациясында сатып алған, алайда оның көлік құралы 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін енгізілген болып тіркелген, яғни заңдастыру талаптарының біріне сәйкес келмейтін мәліметтер базасында көрсетілген. Думан Әшкенұлының тапсырмасы бойынша әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері құжаттарды мұқият тексергеннен кейін түзетулер енгізіп, ІІМ әкімшілік полиция комитетінің дерекқорына жолданды. Ақмолалық көрші мемлекеттен автокөлікті есептен шығарып, заңдастырып, қазақстандық нөмірді ала алады.
Жеке қабылдау соңында қылмыстық істі тергеу мәселесі бойынша полиция департаментінің бастығына Ақмырза ауылы шаруа қожалығының басшысы және жайылымдық жерлердің иесі Висит Кекаев жүгінді. Қылмыстық істі тергеу барысын полиция департаментінің бастығы жеке бақылауға алды.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар айында полиция департаментінің бастығы 23 азаматты, оның ішінде 10 ақмолалықты жеке қабылдаулар барысында қабылдады.

Ақмолалықтармен әңгімелесіп, департамент басшысы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесті.

Кеңесте өткен жылғы және ағымдағы жылғы қаңтардағы жедел-қызметтік қызметтің қорытындылары шығарылды. Полиция департаментінің бастығы Мемлекет басшысының тапсырмалары мен ІІМ алқасында айтылған талаптарды қатысушылардың назарына жеткізді. Ішкі істер министрлігі-халықпен тығыз қарым-қатынас жасайтын ең ірі көпфункционалды орган. Мемлекет басшысы полицияның сервистік моделіне көшуді тапсырды. Бұл ретте құқық бұзушылықтардың алдын алу полиция қызметінің басым бағыты болып қала береді. Думан Таев сондай-ақ интернет – алаяқтыққа қарсы іс-қимыл Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырмаларының бірі екенін атап өтті. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне Ақмола бас полицейі халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, WhatsАpp мессенджерінде чат түрінде азаматтармен заманауи коммуникация құралдарын пайдалануды ұсынды. Отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстардың алдын алу да ерекше бақылауда болмақ. Өңірдің мал шаруашылығы ерекшелігін ескере отырып, мал ұрлығының алдын алу және ашу бойынша жұмысты күшейту қажет.

Кеңес барысында Ақмола полициясының басшысы жеке құрамның тәртіп пен заңдылықты сақтауы туралы еске салды.

Думан Әшкенұлы жеке құрамға 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы шеңберінде Integrity Сheck сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тексеру бағдарламасы әзірленгенін еске салды.

Думан Таев балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аударды, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылда бейнебақылау камераларының желілерін кеңейтуді тапсырды.
Жүргізушілердің көлік тәртібі дабыл қағуда. Полиция департаментінің бастығы авариялық жағдайды тұрақтандыру бойынша рейдтік пысықтаулар мен жедел-алдын алу іс-шараларын жүйелі түрде жүргізуді тапсырды.

Учаскелік полиция инспекторларымен жұмыстағы қиындықтар туралы әңгімелескен Думан Әшкенұлы жақын арада Торғай ауылдық округінің 5 ауылына қызмет көрсететін учаскелік инспекторға қызметтік автокөлік бөлуге уәде берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру