Ақмола бойынша ҚАЖД қызметкерлері балалар үйіне барды
Ақмола бойынша ҚАЖД қызметкерлері балалар үйіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Балаларды қорғау күні қарсаңында Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/23 мекемесінің қызметкерлері ата-анасының қамқорлығынсыз қалған үш жасқа дейінгі балалары бар Щучье балалар үйіне барды. Бұл балалар туғаннан бастап әртүрлі диагноздармен ауырады.
10 жылдан астам уақыт бойы Көкшетау қаласының тергеу изоляторының қызметкерлері балалар үйіне барып, қайырымдылық көмек көрсетеді. ҚАЖД қызметкерлері балаларға азық-түлік жиынтықтарын, киім-кешек пен ойыншықтар тарту етті.