Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола колониясында сотталғандар арасында шағын футболдан жарыс өтті

Ақмола колониясында сотталғандар арасында шағын футболдан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Турнирге жасақтар арасындағы іріктеу турларының қорытындысы бойынша үздік болған төрт команда қатысты. Қатысушылар командаларының футболшылары дайындықтың жақсы деңгейін көрсетті, матч қызу әрі тартысты өтті.

Жанкүйерлер алаңдағы қызықты жағдайларды бақылап, айқайлармен өздерінің командаларын қолдап отырды.

Кездесудің қорытындысы бойынша финалдық ысқырықтан кейін мекеменің үздік командасы анықталды. 3:2 есебімен №1 жасақтың ойыншылары жеңіске жетті, екінші орынды № 6,7,8 жасақтардың құрама командасы алды, үшінші орынды № 9,10, 11 жасақтардың құрама командасының ойыншылары алды.


Барлық қатысушылар марапатталды. Медальдармен, алғыс хаттармен естелік және тәтті сыйлықтармен марапаттауға мекеме аумағында жұмыс істейтін кәсіпкерлер – “Сұлтанов” ЖК, “Касперский” ЖК және “Казформа” ЖК қатысты.

“Үздік” номинациясында: Марлен Мусин – “Үздік қақпашы”, “Үздік шабуылшы” – Фархат Кәкімов, “Үздік қорғаушы” – Азиз Нәбиев көзге түсті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру