Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда оқу жылы басталар қарсаңында полицейлер 100-ге тарта жол-көше желісін тексерді

Петропавлда метептегі сабақтар басталар қарсаңында әкімшілік полицейлер 100-ге тарта жол-көше желісін тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда “Абайлаңыз – балалар!” іс-шарасының бірінші кезеңі шеңберінде әкімшілік полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейі жанындағы Пушкин көшесінің бойында жаяу жүргіншілер үшін шақыру батырмасы бар бағдаршам объектісін қолданысқа берді.

СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжановтың айтуынша, қалалықтардың пікірін ескеріп, әкімшілік полицейлер жол-көше желілерін тексеру нәтижесі бойынша аталған учаскеде бағдаршам объектісін орнату туралы шешім қабылданды. Бұл осы учаскеде жаяу жүргіншілердің, әсіресе мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құралы.

Мектептегі сабақтар басталар алдында әкімшілік полицейлер жол-көше желілерін тексеруді күшейтті; мамандар “жасанды бұдырлықты”, жол белгілерін тексеруде. Облыс орталығында 162 жаяу жүргінші өткелі бар. Қазіргі уақытта 96 тексеріс жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға 24 анықтама берілді, оқу орындарына жақын жол мен жол құрылыстарын күтіп-ұстауға жауапты тұлғаларға қатысты 7 әкімшілік материал жиналды. Бүгінгі таңда қала бойынша 34 жол белгісі орнатылып, ауыстырылды, белгілер мен “ала” реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелін жаңарту бойынша жұмыстар аяқталуда.

22 тамыздан бастап облыс жолдарында мыңнан аса Жол жүрісі қағидаларын бұзу анықталды. Оның ішінде жолдардың қиылысынан жүріп өту қағидаларын бұзудың – 51 және жаяу жүргіншілердің тарапынан бұзушылықтың 106 фактісі тіркелді. Білім күні қарсаңында полиция жасағы барынша оқу орындарына жақын орналастырылады; қызметкерлер Жол қозғалысы қағидалары мен көшедегі қауіпсіздік шараларын түсіндіру үшін балалар және олардың ата-аналарымен кездеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру