Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталғандар кәсіби спортшылармен баскетбол ойнады

Алматы облысы мен Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №12 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар кәсіби спортшылармен баскетбол ойнады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы мен Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты қауіпсіздігі жоғары №12 мекемесінде баскетболдан шағын турнир өткізілді.

Турнирге сотталғандар командалары, Конаев қаласының баскетболшылары және Дамир Аманжолов, Артем Резников, Сағын Қазбек, Мират Муссабаев және Жасұлан Ерланұлы кәсіби спортшылар қатысты.

– Бұған дейін біз бұл мекемеге барып, алдын алу жұмыстарын жүргіздік. Әркімнің қателік жіберуге құқығы бар және әр сынақтан лайықты өту керек. Ең бастысы әрқашан адамгершілікті жоғалтпауымыз қажет, – деп атап өтті ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі, қоғам қайраткері Дамир Аманжолов.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар медаль, грамота және сыйлықтармен марапатталды.

Жауап қалдыру