Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері терезеден секірмек болған ер адамды құтқарды

Ақмола полицейлері терезеден секірмек болған ер адамды құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.25 тамызда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының 37 жастағы тұрғыны мүмкін есірткіден мас күйінде болып, өз пәтерінде жабылып, туыстарына ашпай жатқандығы туралы телефон хабарламасы келіп түсті. 

Оқиға орнына дереу келген полицейлер тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерде газ баллонын жарып жіберемін немесе пәтердің 5-қабатынан секіремін деп қорқытқан ер адамды тапты. Қауіпсіздік мақсатында полиция қызметкерлері тұрғын үй подьездінің тұрғындарын эвакуациялады.

Полиция жатын бөлмесінің терезесінен секіргісі келген ер адамның назарын аударған кезде, арнайы күштердің қызметкерлері пәтерге кіріп, оны ұстап алып, үйге кіргізді.

Қазіргі уақытта факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда және Көкшетау қаласы ПБ тергеушілерінің өндірісінде. Ұсталған ер адам психиатриялық диспансерге орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру