Ақмола колониясында сотталғандарды дәнекерлеу ісіне үйретеді
Ақмола колониясында сотталғандарды дәнекерлеу ісіне үйретеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жалпы режимдегі ЕЦ-166/25 мекемесінде сотталғандар кәсіптік, жұмысшы мамандықтары бойынша білім алады. Ұзақ жылдар бойы колониядағы агротехникалық колледж әрбір сотталғанға өмірдің бастауын береді. Бостандыққа шыққандардың көпшілігі әлі күнге дейін темір тордың ар жағында алған мамандығы бойынша жұмыс істейді.
– Сотталғанға дейін мен дәнекерлеушінің жұмысы туралы білмедім. Колония қабырғасында мен көп нәрсені түсіндім, білдім. Маған бәрін түсіндіріп берген мұғалімдер мен қызметкерлерге рақмет. Мен колледжге түстім, дәнекерлеуші мамандығын оқып жатырмын. Енді дәнекерлеуді жақсы білемін. Мен бірнеше жылдан кейін босатыламын, бұл маған өте пайдалы болады деп ойлаймын, – дейді сотталған Николай.
Бүгін колледж бөлімшесінде WorldSkils Kazakhstan аясында «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша кәсіби шеберлік байқауы өтті. Cайыскерлердің әрқайсысы өз өнерлері мен қабілеттерін көрсетуге, білімдерін теориямен бекітуге тырысты. Конкурстық тапсырмада жұмыс орнын дайындау, қауіпсіздік ережелерін сақтаудан бастап дәнекерлеу шеберлігіндегі бөлшектерге дейін барлық процесс маңызды болды.
«Агротехникалық колледж» МКҚК өндірістік оқыту шебері Дмитрий Лысюк ерекше студенттердің бәсекелестік процесін қатаң, бірақ түсіністікпен бақылап отырды. Қорытындылай келе, келесі сотталғандар – сайыскерлер атап өтілді: Руслан Агаев, Болатбек Искаков, Куанышбек Сулейменов, Замир Султангалиев.