Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облыстық ҚАЖ департаментінде үгіт бригадасы ұйымдастырылды ​

Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаменті аппаратының қызметкерлері мектеп түлектеріне, әскери бөлімдегі мерзімді қызметтегі сарбаздарға, жоғары оқу орындарының заңгер мамандығын бітіруші курстарына арналған кәсіптік бағдар беру бағдарламасын дайындады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жарты жыл ішінде түсіндіру жұмыстары бірнеше рет жүргізілді. Қала шетінде орналасқан және жақын маңдағы ҚАЖ бөлімшелері қылмыстық-атқару жүйесінің қызметі туралы бейнефильмдерді көрсете отырып, жастармен бірнеше кездесу өткізді.

Үгіт бригадасы ҚАЖД пенитенциарлық жүйеде қызмет етуді жоспарлап отырған кандидаттармен кездесті.

– Бұрын біздің қызметкерлермен кездесулерге қатысқан көптеген бала жазаны орындайтын жүйенің негізгі бағытын біледі. Алайда ведомстволық жоғары оқу орнындағы оқыту тақырыбы тіпті өте қызығушылық танытты. Ол үшін біз арнайы кәсіптік бағдар беру бағдарламасын, тақырыптық бейнероликтерді, ҚР ІІМ Қостанай академиясының ведомстволық жоғары оқу орны туралы барлық қызықты және қажетті материалдарды дайындадық, – дейді кадр бөлімінің бастығы Алдияр Байғожин.

Аудитория алдында ҚАЖ департаментінің барлық бөлім бастықтары қысқаша, бірақ түсінікті түрде академиядағы оқу туралы айтып, бүгінгі күнге дейін алған әсерлерімен және қызметтік жетістіктерімен бөлісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру