Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысы бойынша ҚАЖД-да шағын-футболдан турнир өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында Көкшетау қаласының пробация қызметі Көкшетау қалалық ПБ-ның жергілікті полиция қызметінің тәртіп сақшыларымен бірлесіп, қызметкерлер мен пробация есебінде тұрған және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған сотталғандар арасында шағын-футбол өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұндай іс-шаралар адамдарды біріктіреді, қызметтер арасындағы қарым-қатынасты нығайтады және есепте тұрғандардың мінез-құлқына оң әсер етеді.

Сотталған Данил пробация қызметкерлері өткізетін іс-шараларға қатысып, өмірде белсенді бола бастады, алкогольді ішуді тоқтатты. Жақында ғана пробация бөлімі оның жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстыруға сотқа материал жіберуді жоспарлаған. Қазір Данил айтарлықтай өзгерген, оның мінез-құлқын қайта қарап, бұрынғы жанжалқорға шағын-футбол турниріне қатысу ұсынылды.

Барлығы үш команда болды – құқық қорғау органдарының қызметкерлері, пробация есебінде тұрғандар және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар.

Ойын қызықты өтті. Сотталған футболшылар бірінші орын үшін жарысты. Данил назардан тыс қалмады, ойын қорытындысы бойынша ол «Үздік қақпашы» деп танылды.

– Мен футболмен айналысамын деп ойламаппын, ал бұл жерде мен тіпті «Ең жақсысы» деп танылдым. Пробация қызметкерлеріне рақмет, олар біз үшін үнемі бір нәрсе ұйымдастыруға тырысады, – дейді Данил.

Шағын-футболдың әрбір қатысушысына естелік сыйлықтар мен грамоталар табыс етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру