Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында 60-қа жуық ЖҚЕ бұзушылығы анықталды

Ақмола облысында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 60-қа жуық жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтары анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысында 25-28 сәуір аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Оның басты мақсаты – автобус жүргізушілері арасында көлік тәртібін арттыру, техникалық ақаулы немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігін пайдалану фактілерін анықтау, сондай-ақ заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесу болып табылады.

ЖҚО барысында қоғамдық көлік жүргізушілері жол беретін ЖҚЕ өрескел бұзушылықтардың жолын кесуге, оның ішінде көлік құралын мас күйінде басқаруға, сондай-ақ басып озу, қарсы қозғалыс, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, жолаушылар мен ауыр салмақты жүктерді тасымалдау, қоғамдық көлік жүргізушілерінің рейс алдындағы және медициналық тексерулерінен өту, белдіктерді, қауіпсіздік және балаларды ұстау құрылғыларын пайдалану қағидалары бұзушылықтарына ерекше назар аударылады.

Ақмола полицейлері ЖПІШ-тің алғашқы күні ЖҚЕ-нің 56 бұзушылығын анықтады. Оның ішінде 22-сі маневр жасау ережелерінің бұзушылықтары. 17 автобус жүргізушісі техникалық тексеруден өтпей жолаушылар тасымалын жүзеге асырды. Көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін 9 жүргізуші жауапқа тартылды. Көлік құралдарын тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтаудың 3 фактісі анықталды.

Арнайы автотұрақтарға 4 көлік қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру