Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында 81 тоннадан астам күкірт қышқылы прекурсорларын тасымалдау шарттарының бұзылуы анықталды

«Дәрмек» ЖПІШ барысында 81 тоннадан астам күкірт қышқылы прекурсорларын тасымалдау шарттарының бұзылуы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24-28 шілде аралығында Ақмола облысының аумағында «Дәрмек» ЖПІШ өткізілді. Аталған іс-шара бақылаудағы есірткі құралдарының таралып кетуін анықтауға және жолын кесуге бағытталған.

Мәселен, 25 шілдеде Степногорск қаласының маңындағы автожолда есірткіге қарсы полиция қызметкерлері прекурсорлармен жұмыс істейтін бір ЖШС-ға тиесілі автокөліктердің колоннасын тоқтатты. Ілеспе құжаттаманы және автомашиналарды тексеру барысында тасымалдау шарттарының елеулі бұзушылықтары анықталды.

Бұдан басқа, әкімшілік заңнаманы бұза отырып, облыстың жеті дәріханасында дәрілік препараттарды рецептсіз босатуға жол берілген.

Дәріханалардың фармацевтеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы 1-бөлім (Фармацевтикалық қызмет ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.

«Дәрмек» ЖПІШ өткізу кезеңінде барлығы 2 емдеу-профилактикалық мекеме, 4 қойма, 1 өнеркәсіптік кәсіпорын және 19 дәріхана тексеріліп, аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтаудың 2, 1 өткізу, 1 улы заттарды заңсыз сақтау , 7 фармацевтикалық қызмет қағидаларын бұзу деректері, 1 техникалық қызмет көрсету талаптарын бұзу, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілерді нығайту, заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызметтің 2 дерегі анықталды.

Операция кезеңінде 5 келіден астам психотроптық заттар, 316 грамм гашиш, 390 дәрмек және 59 ампула, 81 тонна 123 келі күкірт қышқылы тәркіленіп, қозғалыста шектелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру