Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында аса ірі көлемде гашиш жеткізу арнасы жойылды

Ақмолалық полицейлер өңір аумағына аса ірі көлемде гашиш жеткізу арнасын жою бойынша арнайы операция жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, есірткі сатумен айналысатын топ қызметінің жолы кесілді. Олардан 16 килограмнан астам «гашиш» есірткі құралы және 17 миллион 500 мың теңгеден астам ақша қаражаты тәркіленді.

Жедел қызметкерлердің үйлестірілген жұмысының нәтижесінде астана маңындағы аймақта және Нұр-Сұлтан қаласының аумағына аса ірі мөлшерде «гашиш» есірткі құралдарын жеткізуді, сақтауды және өткізуді ұйымдастырған үш азамат әшкереленді.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау және өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

– Күдіктілерге қатысты уақытша ұстау изоляторына қамаумен процестік ұстау қолданылды.
Басқа ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды, – деп атап өтті Мейрам Жапбасов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру