Ақмола облысында ауыл тұрғындарының көмегімен мал ұрлығына қатысы бар күдікті ұсталды
Ақмола облысында ауыл тұрғындарының көмегімен мал ұрлығына қатысы бар күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алдын ала тергеу барысында осы жылдың 18 қаңтарда Степногорск қаласының тұрғыны далада еркін жайылымдағы 11 бас жылқыны тауып, оларды қараусыз қалған ғимараттардың біріне автокөлікпен айдап әкеткені анықталды.
Кейін ер адам осы жылқыларды Астана қаласына тасымалдау үшін екі автокөлік иесін жалдаған.
Қараусыз қалған ғимаратқа келген күдікті көлікті жергілікті тұрғындар байқап, дереу полицияға хабарлады.
Ерейментау ауданының полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 2-бөлігі,1, 2-тармақтары (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталды. Мал ұрлаушының басқа ұрланған малдарға қатысы бар жоғы анықталуда.