Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жеті кәсіпкерді сан соқтырған күдікті ұсталды

Ақтөбеде жеті кәсіпкерді сан соқтырған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұсталған адам өзінің таныстарының арасынан төмен пайыздық мөлшерлемемен несие алғысы келетіндерді іздеген. Ол кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы 5 млн теңгеге несие ресімдеуге көмек ұсынып және қызметі үшін жәбірленушілерден бір миллион теңгеден алған. Салдарынан, жәбірленушілер ақшасыз және несиесіз қалды.

Бүгінгі таңда 7 жәбірленуші анықталды. Жалпы шығын 7 млн теңгені құрайды. Күдікті ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру