Ақмола облысында азық-түлік дүкені өртенді
Ақмола облысы Зеренді ауылында 350 шаршы метрді құрайтын «Аист» дүкенінен өрт шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– 12.33-те Зеренді ауданының өрт сөндіру бөліміне азық-түлік және өнеркәсіптік тауарлар тұрған бір қабатты «Аист» дүкенінің шатырынан өрт шықты. 14.30-да өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр, – деді Зеренді ауданының ТЖБ басшысы Ерлан Жолдин.
Өртті сөндіруге ТЖД 15 қызметкері мен үш техника бірлігі, Красный Кардон орман шаруашылығының бес қызметкері мен бір техника жұмылдырылды. Сондай-ақ Көкшетау қаласынан ТЖД күштері 10 қызметкер мен екі бірлік техника жіберілді.
Ақмола облысының ТЖД өңірдің барлық тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін және отты пайдалану ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді. Өрт шыққан жағдайда дереу құтқару қызметіне «112» немесе «101» телефондары арқылы хабарлаңыз .