Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан бері Ақтөбеде 2 адам суға батып кетті

Ақтөбе облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция бөлімі қызметкерлері облыстық Төтенше жағдай департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, Ақтөбе су айдындарында рейдтер өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер суда балалар мен жасөспірімдер арасында жазатайым оқиғалардың алдын -алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Рейд барысында полиция қызметкерлері өзен жағасында болған тұрғындар мен жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оларға судағы қайғылы оқиғалардың алдын алу бойынша жадынамалар таратты.

– 1 маусымнан бастап ресми шомылу маусымын ашу жоспарлануда, алайда бұл мәселені бас санитарлық дәрігер шешетін болады. Алдағы суға шомылу маусымына байланысты суда адамдардың қаза болуының алдын алу мақсатында біз ақтөбеліктер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Қалада төрт жағажай бар, бірақ биыл суға түсу маусымы ашылса, жағажайлар одан да көп болады. Бүгінгі таңда кәсіпкерлерден 12 өтініш келіп түсті, – дейді Ақтөбе облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция тобының аға инспекторы Нұржан Мұқұмов.

 

Жыл басынан бері Ақтөбе облысының су айдындарында екі адам қаза тапты.

Жауап қалдыру