Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында бас бостандығынан заңсыз айыру үшін іздестіріліп жүрген қылмыскер ұсталды

Ақмола облысында бас бостандығынан заңсыз айыру үшін іздестіріліп жүрген қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бурабай ауданының ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҚК 126-бабы 2-бөлігі бойынша іздестіріліп жүрген 36 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Еске сала кетейік, өңір аумағында заңдылық пен құқықтық тәртіпті, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Жедел-алдын алу іс-шарасы аясында және заңға сәйкес полиция жалдамалы пәтерлерді, жатақханаларды, қонақ үйлерді, базарларды, қыстауларды және басқа да ғимараттар мен шалғай жерлерді тексереді. Жеке автокөлікті тексеру жүзеге асырылады, құжаттарды, оның ішінде құқық белгілейтін құжаттарды, сондай-ақ азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру жүргізіледі. Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар және бұрын сотталған адамдар анықталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру