Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада әйел өзінің танысын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Ақмолада әйел өзінің танысын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қаңтарда ақмолалық жедел уәкілдер танысының тәуелді жағдайын пайдаланып, оны бопсалап, интимдік қызмет көрсетуге мәжбүр еткен тұрғынды анықтады.

Күдікті Көкшетау қаласының 46 жастағы тұрғыны жәбірленушінің деректерін интернет-сайттарға интим-қызмет көрсету туралы хабарламаны орналастырған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 308-бабының 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

“Келу міндеттемесі” процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңайындалды. Мойындау айғақтары бар. Әйел үш жылға дейін колонияға қамау жазасына тартылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру