Ақмола облысында бір күнде 6 ұрлық ашылды
Ақмола облысында бір күнде алты ұрлық ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыс Ақмола облысының түрлі аймақтарында және түрлі күндері тіркелді. Қаскүнемдер облыс тұрғындарынан ақша, алтын бұйымдар, құрал-саймандар, байланыс құралдары, автобөлшектерді ұрлап әкеткен.
Мысалы, ағымдағы жылдың 30 маусымында Көкшетау қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері облыс орталығының 32 жастағы тұрғынының өтініші бойынша бұрын жасалған қылмысты ашты. Ер адам 20-21 маусым аралығында белгісіз біреу «Рубин» дәмханасында «Samsung А-31» маркалы ұялы телефонын ұрлап әкеткенін хабарлады. Жәбірленушілерге келтірілген шығын сомасы 140 000 теңге мөлшерінде бағаланды. Ұрлық жасаған 25 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Осыған ұқсас қылмыс көп пәтерлі тұрғын үйдің ауласында жасалған, бұл жағдайда облыс орталығының тұрғынының «iPhone-11» маркалы ұялы телефоны ұрланған. Күдікті анықталды.
Сонымен қатар криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері 57 жастағы ақмолалықтан «ГАЗ-53» рамасын ұрлап әкеткен 30 жастағы Степногорск қаласының тұрғынын ұстады. Шығын бір миллион теңгені құрады.
Степняк қаласының маңындағы зират аумағынан шойын қоршауларды ұрлаған Щучинск қаласының 33 жастағы тұрғыны қылмыстық жауапкершіліктен құтыла алмады.
Кезекшілік тәулікте Ақмола полицейлері алты ұрлықты, оның ішінде бұрын жасалған бөтеннің мүлкін ұрлауды ашты. Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.