Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда ГАЗель көлігін заңсыз айдап кеткен ер адам анықталды

Жамбылда ГАЗель көлігін заңсыз айдап кеткен ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 9 сәуірінде полицияға облыс орталығының 21 жастағы тұрғыны хабарласып, оның көлік тұрағына қойылған ГАЗель автокөлігінен белгісіз біреулер ұялы телефоны мен қолма-қол ақшасын жасырын ұрлап, 110 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтіргені туралы жүгінген.

Ағымдағы жылдың 27 маусымында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде аталған ұрлықты жасады деген күдікпен Тараз қаласының Мөлтек ауданының бірінің 50 жастағы тұрғынын ұстады. Ол өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру