Ақмола облысында болған ЖКО-да жүргізуші мен екі бала зардап шекті
Ақмола облысында болған ЖКО-да жүргізуші мен екі бала зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Республикалық маңызы бар автожолдарда көлік құралдары қозғалысының белгіленген жылдамдық режимдерін сақтамау ауыр зардаптармен сипатталатын ЖКО жасаудың негізгі себептерінің бірі. Көптеген жүргізушілер жылдамдыққа бой алдырып, автокөліктерін басқарады. Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтамау салдарынан болды.
Мысалы, Біржан сал ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Щучинск – Степняк – Уәлиханова автожолының 40 шақырымында, Степняк қаласының маңында Lada Granta автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, кюветке аударылуға жол бергені туралы телефон хабарлама келіп түсті. ЖКО нәтижесінде ауруханаға: СГМ, ТЖМТ, сол жақтағы білектің жабық сынуы, сол жақтағы 5, 6, 7 қабырғаның жабық сынуы, бел омыртқасының контузиясы, кеуде мойны омыртқасының контузиясы диагнозымен автокөлік жүргізушісі және мидың, кеуде қуысының жарақаты, білек сүйектерінің сынуы, жамбас буынының көгерген жарасы диагнозымен екі кәмелетке толмаған жолаушы жеткізілді.
Полиция бөлімі аталған деректі ҚР ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Сараптама тағайындалды.
Құрметті жүргізушілер! Есіңізде болсын, дұрыс таңдалмаған жылдамдық жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі. Өзіңіздің және басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірін сақтаңыз!