Ақмола облысында досының денсаулығына қасақана зиян келтірген жігіт анықталды
Ақмола облысында досының денсаулығына қасақана зиян келтірген жігіт анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 мамырда Ақкөл АПБ полиция бөліміне аудандық аурухананың қабылдау бөліміне жергілікті тұрғын «жабық бас сүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, кеуде қуысы мен жақтың соғылуы, қабырғаның жабық сынуы» диагнозымен жүгінгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
18 мамырдан 19 мамырға қараған түні алкоголь ішу кезінде жәбірленуші досына қызбен дөрекі сөйлескені үшін ескерту жасаған. Нәтижесінде, дене жарақатын алып, ауруханаға жатқызылғаны анықталды.
Аталған мекенжайға келген полиция қызметкерлері оқиға орнын қарап, жедел – іздестіру іс-шаралары барысында қаскүнемді анықтады. Күдікті 2001 жылы туған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болып шықты.
Аталған факті бойынша Ақкөл аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 107-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы келу туралы міндеттеме түрінде таңдалды.