Ақмола облысында ер адам танысының құжаттарын ұрлап кетті
Ақмола облысында ер адам танысының құжаттарын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 18 тамызында Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 21 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түсті. Өтініш беруші 17-30 шілде аралығында белгісіз адам еркін қол жеткізу арқылы өзіне тиесілі құжаттарды: жеке куәлігі мен төлқұжатын ұрлап кеткенін хабарлады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталды, ол Бурабай ауданының 22 жастағы тұрғыны болып шықты. Жәбірленуші мен күдіктінің бұрын таныс болғаны белгілі болды, ал арызданушы мен күдіктінің арасында болған түсініспеушіліктен кейін өтініш берушінің құжаттары жоғалып кеткен.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 384-бабының 2-бөлігі (Құжаттарды заңсыз алып қою, құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді ұрлау, жою, бүлдіру немесе жасыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Естеріңізге сала кетейік, азаматтан төлқұжатын, жеке куәлігін немесе басқа да жеке құжатты ұрлау – 120 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады