Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында бірнеше мәрте велосипед ұрлаған ер адам ұсталды

Ақмола облысында бірнеше мәрте велосипед ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13-16 тамыз аралығында Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының үш тұрғыны түнгі уақытта белгісіз тұлға кіреберісте иелері қалдырып кеткен велосипед ұрлағаны туралы арызданған. Залалдың жалпы сомасы 200 мың теңгені құрады.

Республикалық “Автомобиль” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында көкшетаулық жедел уәкілдер күдіктіні анықтап, ұстады, ол облыс орталығының 26 жастағы тұрғыны болып шықты.
Қаскүнем түнгі уақытта үйлердің кіреберістеріне түнде қалдырылған велосипедтерді әдейі іздеп кіріп, тросты кесіп алып, ұрлап кетіп отырғаны анықталды.

Ер адам ұрланған велосипедтерді сату мақсатында үйінде сақтаған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, бұлтартпау шарасы тағайындалуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру