Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында есепте тұрған адамдарды іздеу мәселесі талқыланды

Есепте тұрған адамдарды іздеу бойынша бірлескен жұмыс мәселелерін Ақмола облысы пробация қызметкерлері және облыстың криминалдық полияция қазметкерлері талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 10 айында Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаменті пробация қызметінде 35-ке жуық қылмыскер іздеуде болып, оның ішінде төртеуі “өткен” жылдар тізімінде тіркелген. Осы кезеңде облыстың пробация қызметкерлері мен Ақмола облысы ІІД Криминалдық полиция департаментінің қызметкерлерінің тығыз жұмысы аясында 32 адам ұсталып, іздеу жариялау есебінен шешілді.

Жұмыстық кездесу барысында екі ведомстваның өкілдері іздеуде жүрген адамдарға және пробация қызметінің рұқсатынсыз тұрғылықты мекенжайынан кетіп қалған сотталғандарға  қатысты ақпараттарды толық әрі сапалы түрде беру тұрғысынан өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында жұмыс сәттерін талқылады.

Жедел-іздестіру шараларының өзекті мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасып, әріптестер іздеуде жүрген, алғашқы іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқан сотталғандарды анықтауға және ұстауға бағытталған бірқатар бірлескен іс-шараларды жоспарлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру