Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында есептегі сотталғандарға электронды білезік тағылды

Ақмола облысында есептегі сотталғандарға электронды білезік тағылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Инновациялық электронды бақылау құралдары сот шешімімен бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға, сондай-ақ шартты түрде сотталғандарға қолданылады. Есептегі сотталғандар күнделікті шаруаларымен шектеусіз айналыса алады. Су қабылдай алады.

Электронды білезіктерді қолдану тақырыбы бірнеше жыл бойы қарастырылып келеді. Бұл электронды білезіктер уақыт пен технологияның талабына сәй келеді. Сотталған адам жазаның бүкіл мерзімінде алып тастамай-ақ киетін білезік қылмыс деңгейін азайтуды, қоғамдық тәртіпті бұзуды, қандай да бір жолмен есепте тұрғандардың заңға бағынушылық мінез-құлқын ынталандыруды білдіреді.

Бүгіннің өзінде сот шешімі бойынша бас бостандығынан шектеуге сотталған Көкшетау қаласы пробация қызметінің есебіндегі сотталғандардың бірі тексеру кезінде дәлелсіз себептермен тұрғылықты жері бойынша болмаған, сол арқылы жазаны «бас бостандығынан айыруға» ауыстыру туралы ескертуге алды. Георгидің жазалау мерзімі бір жыл еді, ал қайталанған осындай бұзушылық үшін ол бас бостандығынан айыру түрінде жаза алуы мүмкін.

– Дұрысы осы деп ойлаймын, өйткені бір жерге шығуға азғырылуын мүмкін, бірақ сіз бұл сөзсіз мүмкін емес екенін білесіз. Сотталғандар үшін бұл құқық бұзушылық жасамау мүмкіндігі, – деп Георгий өз ойын айтты.

– Пробациялық бақылау есебінде тұрғандар сот жүктеген міндеттерді қатаң сақтауы тиіс. Жұмыстан бос уақытында тұрғылықты жерінен кетпеу, пробация қызметіне хабарламай әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен шықпау, қоғамдық орындарға, атап айтқанда, алкогольдік сусындар сататын дәмханаларға, барларға, мейрамханаларға бармау керек. Электрондық білезіктер пробация қызметкерлерінің қызметін жеңілдетіп қана қоймай, сотталғандар үшін де тежеуші фактор болады деп ойлаймын, – дейді ҚАЖД пробация қызметі бөлімінің бастығы Азамат Идрисов

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру