Ақмола облысында із-түссіз жоғалған әйел іздестіріліп жатыр
Ақмола облысында із-түссіз жоғалған әйелді іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 желтоқсанда Көкшетау қаласы ПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 59 жастағы тұрғыны 38 жастағы Ершова Людмила Владимировнаны іздестіру шараларын қолдану туралы өтінішпен жүгінді. Ол 11 желтоқсанда үйден кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған. Бірнеше күн бойы жұбайы өзі іздеген.
Осы факті бойынша Көкшетау қаласы ПБ жеке құрамы мен күштері бағдарланды. Полицияның барлық бөлімшелеріне әйелдің белгілері көрсетілген бағдарлар жіберілді. Жоғалған адамның орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Әйелдің белгілері: бойы 165-170 см, дене бітімі орташа, шашы қоңыр түске боялған. Киімі: сұр түсті тоқылған бас киім, қою күлгін түсті сырт киім. Қара шалбар, қара түсті аяқ киім. Ақмола облысы ПД жоғалған адамның орналасқан жері туралы ақпарат білген жағдайда 8(7162) 29-96-00 немесе «102» нөміріне хабарлауын сұрайды.