Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да 27 қолайсыз отбасы есепке алынды

ШҚО-да “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы аясында 27 қолайсыз отбасы есепке алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 күн бойы Шығыс Қазақстан облысының полицейлері мүдделі ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, облыс тұрғындарын тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде өмір мен денсаулықты қорғау нысандары туралы ақпараттандыру бойынша іс-шаралар кешенін жүргізді. Акцияға 500-ге жуық адам қатысты.

Осы уақыт ішінде тәртіп сақшылары ҚР “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы” Заңының нормаларын түсіндіру мақсатында байланыс телефондары көрсетілген 10 мыңнан астам буклеттер, жадынамалар мен қалта күнтізбелері әзірленіп, таратылды, үш жүзден астам билбордтар орналастырылды.

– Буклеттерде орналастырылған ақпарат пайдалы болады және қажет болған жағдайда азаматтар оны пайдалана алады деп үміттенеміз. Естеріңізге сала кетейік, егер сіз отбасындағы зорлық-зомбылық фактілері туралы білсеңіз немесе тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, бұл туралы “102” телефон нөмірі бойынша полицияға немесе “150” нөмірі бойынша Ұлттық сенім телефонына хабарласуыңызды сұраймыз, – деді ШҚО ПД.

Қоғамдық орындарда іс-шараларды ұйымдастырумен және өткізумен бір мезгілде жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері тыныш аудандарда бірқатар рейдтер өткізді. Белгіленген уақыт ішінде тәртіп сақшыларымен 269 қорғау нұсқамалары шығарылды, сот құқық бұзушының мінез-құлқына 27 ерекше талап қойды, 27 қолайсыз отбасы есепке қойылды.

Отбасылық жанжалдың бастапқы кезеңінде профилактикалық жұмыс құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алумен қатар, отбасын сақтап қалуға да мүмкіндік беретінін айта кету керек.

Әйелдерге қатысты “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” республикалық акциясы 10 желтоқсанда аяқталды. Алайда әйелдер мен балаларға қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу жөніндегі жұмыс ШҚО ПД басшылығының ерекше бақылауына алынды және күн сайын жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру