Ақмола облысында іздеуде жүрген күдікті Ресей Федерациясының аумағынан табылды
Ақмола облысында іздеуде жүрген күдікті Ресей Федерациясының аумағынан табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұған дейін Степногорск қаласының полиция басқармасында 26 жастағы жігітке қатысты 2021 жылы басталған ҚР ҚК-нің 107-бабы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс амнистиямен тоқтатылған болатын.
2022 жылдың соңында жігіт шекарадан өтуге рұқсат алып, елден кетіп қалған.
Алайда осы жылдың мамыр айында жәбірленуші ескі дерек бойынша полиция бөліміне арыз жазып, полицейлер оны мемлекетаралық іздеуде деп жариялады.
Нәтижесінде 29 жастағы ер адамды полиция қызметкерлері Мәскеу қаласында анықтады.
Көрші елдегі әріптестер одан ешқайда кетпеуі туралы қолхат алды. Күдікті елге қайтқан соң тергеу әрекеттері жалғасады.