Ақмола облысында полицейлер мен азаматтар жолда қалған жүргізушіге көмек берді
Ақмола облысында полицейлер мен азаматтар жолда қалған жүргізушіге көмек берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 қаңтарда кешкі сағат 20:00-ден бастап ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты өңір аумағында дизель отынымен жүретін көліктер үшін қозғалыс шектелді.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін атқару кезінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері полиция капитаны Н.Б.Капезов пен полиция лейтенанты Ә.Е.Елюбай Астана-Атбасар автожолындағы төтенше жағдай туралы хабарлама алды.
Адыр және Бастау кенттері арасында, Жақсы ауылы бағытында, Renault Duster автокөлігі тасжолда тоқтап қалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Белгілі болғандай, ер адам Астанадан Атбасарға бара жатқан, Адыр ауылынан 5 шақырымдай жолда, көлік кенеттен тоқтап қалды.
Жүргізушінің айтуынша, көлікті Астанада оған ұлы сыйға тартқан және оның ерекшеліктерін әлі толық зерттей алмаған. Құрылғылар панелінде жанармай деңгейі резервуардың жартысында көрсеткен, бірақ іс жүзінде бензин таусылған, бұл қатты аяз жағдайында тоқтауға себеп болды.
Қозғалыс шектеулеріне байланысты патрульдеушілердің өз бетінше жанармай жеткізуге мүмкіндігі болмады, себебі олар трассада қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқаратын. Қызметкерлер жергілікті тұрғыннан көмек сұрады, ол бей-жай қалмады және сол жерге бензинді жеткізді.
Полицияның үйлесімді әрекеттері мен бей-жай қарамайтын азаматтардың көмегінің арқасында жағдай сәтті шешіліп, жүргізуші жолды жалғастыра алды.
Полиция қызметкерлері ауа-райының қолайсыздығына қарамастан көмекке келуге дайын азаматтарға шын жүректен алғыс білдіреді.
Бұл жағдай жолдардағы қауіпсіздік, бұл жалпы жауапкершілік, тіпті тәртіп сақшылары кейде қарапайым адамдардың қолдауына мұқтаж екендігін дәлелдейді.
