Ақмола облысында полиция модульдерінің арқасында 2 мыңнан астам тәртіп бұзушылықтың жолы кесілді
Ақмола облысында полиция модульдерінің арқасында 2 мыңнан астам тәртіп бұзушылықтың жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Адамдар көп шоғырланған жерлерде, сондай-ақ көпқабатты үйлердің жанында орнатылған полиция модульдері іс жүзінде тиімді екендігі дәлелденді. Биыл стационарлық бекеттерге қызметке түсетін қызметкерлер 2113 қоғамдық тәртіп бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде 905-тен астам ұсақ бұзақылық фактілері, 337 спирттік ішімдіктер ішу фактілері, түнгі уақытта көшеде болған 77-ден астам кәмелетке толмағандар ұсталды.
Полиция қызметкерлері стационарлық бекеттерде тәулік бойы қызмет атқарады. Жыл басынан бері қала тұрғындарының уақытылы жүгінуі 57 қылмысты, атап айтсақ, тонау, бұзақылық, ұрлық және есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты бірқатар қылмыстарды ашуға мүмкіндік берді.
Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жолын кесу мен анықтаудан басқа, стационарлық бекеттерде кезекшілік ететін полиция қызметкерлері азаматтарға тұрақты көмек көрсетеді және көбінесе көмекке бірінші болып келеді.
Полицияның стационарлық пункттері – жедел басқару орталығына шығарумен сыртқы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған модульдер. Сондай-ақ үй-жайлар қажетті компьютерлік техникамен жабдықталған, барлық дерекқорларға қол жеткізілген және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген. Бекеттердің жұмысы жаяу және автопатрульдерге «байланыстырылған», ал оқиға туралы дабыл сигналы келіп түскен немесе азаматтар стационарлық бекетке жүгінген жағдайда полиция қызметкері бұл туралы барлық нарядтарға дереу хабарлайды.