Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында пробация қызметкері жолда қалып қойған азаматтарға көмектесті

Ақмола облысында пробация қызметінің қызметкері қатты боран мен аяз кезінде жолда қалған азаматтарға дер кезінде көмек көрсетті. Оқиға түнгі уақытта Зеренді – Көкшетау автожолында болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Зеренді ауданының пробация бөлімінің бастығы Сауран Ерғалидың айтуынша, ол түнде үйіне қайтып бара жатқан кезде жол жиегінде тоқтап тұрған көлікті және оның жанында өтіп бара жатқан жүргізушілерді тоқтатуға тырысқан қарт адамды байқаған.

Жағдайды анықтаған кезде автокөліктің техникалық ақауға байланысты істен шыққаны белгілі болды. Салонда 49 жастағы әйел болған. Екі азамат та қатты тоңған, ал көліктің фаралары жұмыс істемеген. Ауа райының қолайсыздығы мен аяздың күшеюі жағдайды одан әрі қиындатқан.

Осындай жағдайда адамдарды қараусыз қалдыруға болмайтынын түсінген Сауран Ерғали көлікті сүйреп әкету үшін полиция қызметкерлерін шақырған. Шамамен 10минут ішінде полицияның жол-патрульдік экипажы келіп, зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру