Ақмола облысында қосалқы станция аумағынан ұрлық жасаған күдікті ұсталды
Учаскелік инспекторлар Ақмола облысындағы қосалқы станция аумағынан ұрлық жасауда деген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кәсіпорын басшысы полицияға ағымдағы жылдың 23 және 27 қыркүйегінде Бұланды ауданының екі ауылында тіркелген «ПС 35/10кВ» маркалы қосалқы станциядан резервтік ұяшықтардың мыс щеткаларын ұрлау туралы екі рет арыз беруге мәжбүр болды.
Бұланды АПБ-нің Ергольский және Карамышев ауылдық округтерінің учаскелік полиция инспекторлары Алтынболат Теміржанов пен Дәурен Досымов «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы аясында өздерінің әкімшілік учаскелерін жеке тінту және аулаларды аралау барысында күдіктілерді анықтады, олар 24 және 26 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты.
Естеріңізге сала кетейік, аймақ аумағында 2021 жылдың 1 қыркүйегінен 1 желтоқсанына дейін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.